Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылды

 Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының Тараз қаласында 3-қабаттағы пәтердің балконында өрт оқиға орын алды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Өрт аумағы 5 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз дау 13:59 өрт жойылып, ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 14 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 бала бары белгілі болды. Өрт оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған Жамбыл облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

ПІКІР ЖАЗУ