Жамбыл облысында қызғалдақтардың табиғи паркі ашылады

 Жамбыл облысындағы Талас ауданында алып геологиялық парк ашылады. Ол жерде қызғалдық гүлі ерекше қорғауға алынады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Грейг қызғалдағы өсетін алқапты ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Бүгінде ондай гүлдер теңіз деңгейінен 1100 метр биіктіктегі Қаратау тауының сілемдерінде өседі. Халықаралық қорғаудағы гүлдің бұл түрі тек осы аймақта бар. Мамандар оны ерекше қорғауға алуды ұсынып отыр. Қызғалдақ фестиваліне келген Германия, Қытай мен Қырғызстанның қызғалдақ зерттеушілері “осы гүл Қазақстаннан тараады” деген пікірді қолдайды.

Қызғалдақтар көптеген жыл бұрын Ұлы Жібек жолымен Азия, Иран, әрі қарай Түркияға тараған. Одан ары әлемге тарады десек қателеспейміз. Жалпы түркі елдеріне ортақ LOL деген мереке болған. Бұл – парсы тілінен аударғанда “қызғалдақ” деген сөз. Яғни, қызғалдақтың гүлдеуі жаңару, жаңа өмір бастау сынды мәнге ие болған. Бұл мереке кейін бәрімізге белгілі наурыз болып жалғасын тапты, – дейді тарихшы-археолог Ескендір Төрбеков.

Аймақта өтіп жатқан қызғалдақтар фестивалінің қорытындысы бойынша облыстағы қызғалдақтардың географиялық атлас картасы жасалады. Соның негізінде туристерге арналған маршрут жоспарланады.

Айта кетері, Жамбыл облысында қызғалдақтың 35 түрі өседі. Соның ішінде 12 түрі еліміздің қызыл кітабына енгізілген.

ПІКІР ЖАЗУ