Жамбыл: облыс әкімі денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен және ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесті

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында медицинаның дамуы қарқын алды. Тек соңғы үш жылда Жамбыл облысында материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 9,1 млрд. теңге бөлінді.

Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 21 жоба жүзеге асырылуда, 19 нысан пайдалануға берілді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 248 дәрігердің жалақысы 30% – ға, 8 648 орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 20% – ға өсті.

Дегенмен, бұл салада қордаланған мәселе көп. Қазіргі заманғы құрылғылар толық қанды жетіспейді, жоғары білікті мамандар тапшылығы да сезіледі. Ауылды жерлерде сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ.

Осы және басқа да өзекті мәселелерді біз денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен және ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесуде талқыладық. Өз ісінің шеберлері Сейтхан Жошыбаев, Райқұл Нұржанов, Оразқұл Досқұлов, Марат Жұманқұлов өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу барысында облыстың медицина саласын дамытудың басым бағыттарына, медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, ана мен баланың денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударып отырмын. Барлық ұсыныстар сараланып, осы саланы дамыту бойынша кешенді жоспар құру кезінде міндетті түрде ескеріледі. Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Байқау кеңесінің жұмысын қайта жандандыру бойынша шешім қабылданды.

ПІКІР ЖАЗУ