Жамбыл: кафе қонақтарға интим қызмет ұсынған
Жамбыл облысында 50 жастағы әйел притон ұйымдастырды, жеңгетайлық жасады деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлері клиенттерге ақшасына интим қызмет ұсынған кафені анықтады. Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікке ілінді.
50 жастағы әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған адам мойындады. Қолма-қол ақша мен ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды, – делінген хабарламада.