Жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің мақсатына сай пайдалану және ай сайынғы төлем ақылары бойынша рейдтік іс-шара жүргізілуде

Түлкібас ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көп қабатты тұрғын үйлер бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, бөлімнің қызметкерлері тарапынан рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, ауданның тұрғын үй қорынан берілген жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің төлем ақыларын өндіруге және тұрғын пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға беру фактілерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Бекітілген іс-шара жоспары барысында, жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлерді жалға берілген 5 отбасы пәтерлерін мақсатына сай пайдаланбағаны және тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) басқа жалға алушылармен (үшінші тұлғаға) берілгенді анықталып, яғни Т.Рысқұлов ауылы, Пушкин көшесіндегі көпқабатты жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің 5 пәтері кері қайтарылды.

​            Сондай-ақ, аталған іс-шара жоспарына сәйкес, бөлім тарапынан анықтау мақсатында ауданның тұрғын үй қорынан берілген жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің тұрғын үйді мақсатына сай пайдалануға және тұрып жатқан үйді (пәтерді, бөлмені) басқа жалға алушылармен ауыстыруды жүргізіліп анықталған тұрғын үй иелерін Түлкібас аудандық сотына (Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден басқа тұрғын үй берместен пәтерден отбасы мүшелерімен қоса мәжбүрлеп шығару туралы) талап-арыз ұсынылып сот процесі өткізілуде.

Бүгінгі таңға, ай сайынғы төлем ақылары жүргізілмеген жалға алушылар мен ауданның тұрғын үй қорынан берілген жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің келісім-шартының 3 тармағының 6-тармақшасына сәйкес шарт бойынша бөлім тарапынан ай сайынғы бекітілген төлемақылар төлеу міндетті екендігі ескертіліп, тұрғындарға хабарлама жолданды.

Бүгінгі таңда, Шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үйді пайдаланғаны үшін және коммуналдық қызметтер үшін уақытында (өз қаражатымен) төлем енгізілмеген тұрғындарға бөлім тарапынан төлемақыны өндіру жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ПІКІР ЖАЗУ