Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Зертас ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті

 

Аудан тұрғындарымен кезекті кездесу Зертас ауылдық округінде өтті. Зертас елді мекендегі Жаңақұрылыс 2,3 көшелеріне тас төсеу, труба орнату асфальт төсеу жұмыстардың аяқталғаның және Қ.Сәтпаев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары 2023 жылға өтпелі екенін айтты.

Зертас елді мекенінің ауыз су құбыры толық жаңартылып, 2 дана резервуар, 383 дана су құдығы қойылып және Жаңакүш елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірлененіп, қаржыландыруға ұсынылғанын айтты.

Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындықты оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына қаржы қаралды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында фельдшерлік – акушерлік пункт құрылысы жүргізілетінін айтты.

Аудан әкімі қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда күндіз неге шам жанып тұратынын «Алматы Қала Жарық» түсіндірді

admin

Түркістан: «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жұмыстары пысықталды

admin

Конституция күні қарсаңында Ұлттық ұланның 220-дан астам әскери қызметшісі марапатталды

admin