Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға шектеу қойыла ма? – министрлік түсіндірді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану құқығына шектеу енгізіле ме? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу тетігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірнеше жыл бұрын енгізілген және қазіргі уақытта өз күшінде.

Бұл механизм екі мақсатқа бағытталған:

– тұрғын үй жағдайын жақсарту

– емделу шығындарын өтеу.

Зейнетақы жинақтарының басты мақсаты – адам қартайғанда тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатты тиімді инвестициялау және ынтымақты әрі базалық зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру бойынша параметрлік өзгерістер енгізу шаралары жүзеге асырылуда, – дейді Сарбасов Мәжілісте кулуарында.

Сонымен қатар вице-министр емделу мақсатында бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен шығындарды бақылау мәселесі Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында екенін айтады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, алайда белгіленген талаптар шеңберінде ешқандай қосымша шектеулер енгізу қарастырылмаған, – деп түсіндірді ол.

 

ПІКІР ЖАЗУ