Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Зейнетақы қорындағы ақшасын аударып алғысы келген тұрғындар алаяққа сан соғып қалды

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында зейнетақы қорынан ақшасын алуға көмектесетінін айтып алаяқтыққа барған күдікті әйелді қолға түсірді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел Instagram желісі арқылы зейнетақы жинағын алып беретінін айтып, жалған жарнама жасаған. Яғни, екі бірдей сенім білдірген жәбірленушілерге көмектесе алатынын айтып алдын ала ақшасын алған соң телефонын сөндіріп, байланысын үзген.

Тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас тағы бір жәйтқа қатысты алаяқтық қылмысын анықтады. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда әйел адамның ісі қаралып, сотқа өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа «Шабыт» балаларды дамыту орталығына барды

admin

Қазығұртта астық түсімі молайды

admin

Таулы аймақтың табысы да қомақты

admin