Заңсыз ойын бизнесіне жол жоқ!

Түркістан қаласы әкімдігінің “Бизнесті қолдау және туризмді дамыту” бөлімі және экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесе отырып заңсыз ойын бизнестеріне тосқауыл қою мақсатында “ОПМ STOP ОЙЫН” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Түркістан қалалық полиция қызметкерлерінің 7 айда атқарған  жұмыстарының көрсеткішіне сәйкес, “КЕНО” құмар ойыны бойынша 3 дерек тіркелген.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлерінің күнделікті профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде 12 құмар ойын орны анықталды.

Көлеңкелі бизнеспен күресушілер заңсыз ойынның жолын кесу үшін рейдтік шаралар ұйымдастырып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Еске сала кетейік, ойын мекемесін заңсыз ашу немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыруға, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайларын беруге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

ПІКІР ЖАЗУ