Vogue таңдауы: Қазақстан 2025 жылдың ең үздік туристік бағыттары қатарында

Халықаралық Vogue журналының редакторлары Қазақстанды 2025 жылы әлемдегі 14 үздік туристік бағыттың қатарына енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл сайын жарияланатын The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025 іріктемесінде басылым командасы бір жылдағы сапарларын қорытындылап, өздеріне ерекше әсер қалдырған бағыттарды атаған. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мәлімдеді.

Редакторлар Қазақстанды табиғи ландшафттардың алуан түрлілігі, аутентикалық мәдениет пен заманауи қалалық ортаның үйлесімімен ерекшеленетін ел ретінде атап өткен. Осы тізімге көршілес Қырғызстан да енген.

Осы күзде бір жылдан астам уақыт бойы Reels лентамнан кетпей қойған бағытқа ақыры жол тарттым. Отыз сағаттық жол мен екі рет ауысудан кейін мен Қазақстанның Алматы қаласына қондым. Бұл – үздік бағыттар тізіміне сирек кіретін, бірақ соған әбден лайық мекен, – деп жазылған материалда.

Редакторлардың назарын Алматының контрастары ерекше аударған: сәулет пен заманауи қалалық кеңістіктер, Іле Алатауы тауларының көркем көріністері, сондай-ақ ұлттық асханасы.