Вице-министр аудан тұрғындарымен кездесті
Бүгін Созақ ауданына іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты жұмыспен әлеуметтік қорғау вице-министрі Оспанов Ербол Дүйсебайұлы бастаған жұмысшы топ Президент Жолдауындағы басым бағыттар бойынша министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндірді.
Жиынды аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы жүргізді. Вице-министр Ербол Дүйсебайұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» Жолдауында айтылған 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылуы; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтілуі; атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру жұмыстары іске асып жатқанын жеткізді. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету, жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беру сияқты шаралар қоғамнан қолдау тапқанын сөз етті. Жұмысшы топ жетекшісі түрлі әлеуметтік мәселелерді, еңбек өтілі, зейнетақы төлеу, балалардың тууына, мүгедектерге қатысты жеңілдіктер мен жаңашыл өзгерістер турасында кеңінен баяндады. Сондай-ақ, тұрғындар сауалына жауап берді.
Кездесуге аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, мекеме,бөлім басшылары, Ішкі істер органдарының өкілдері, ауылдық округі әкімдері, аудан тұрғындары, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және БАҚ өкілдері қатысты.