Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Қоғам

«VISIT SHYMKENT» БИЫЛ 100-ДЕН АСА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қаласындағы «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы жыл басынан бері 10 532 адамға анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетті.
Орталықтың негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету.
Қаладағы туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарып отыр. Ақпараттық киоскілерден бүгінге дейін АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея, Өзбекстан және т.б. шетелдік қонақтарға ақпараттық-консультация алған.
Туристік-ақпараттық орталығы келушілер санын арттыру және шаһардың туристік әлеуетін ілгерілету үшін жыл басынан бері бірқатар мекемелермен 20 меморандумға қол қойған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жедел штаб Астана іргесіндегі ауыл шекарасын нығайту туралы шешім қабылдады

admin

Алматыда 8 наурыз қарсаңында митинг өтеді

admin

Түркістан облысында 40-тан астам жасөспірім полицияға жеткізілді

admin