Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ұялы байланыс станциялары орнатылуда

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілетін сұрақтардың бірі — интернет желісінің қолжетімсіздігі немесе жылдамдығының төмендігі. Қазіргі уақытта ауылдарға интернет жеткізу басты міндет болғандықтан, ағымдағы жылы 13 елді мекенде жаңадан базалық мачталық антенна қою, 4 елді мекенде жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Жоспарға сәйкес осы аптада Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бейнеткеш, Ынтымақ елді мекендерде «Beeline» ұялы байланыс операторының 4G базалық станциясы орнатылуда. Сонымен қатар «250+» жобасы аясында Бейнеткеш елді мекенінде «Kcell» ұялы байланыс операторының 4G базалық станциясы орнатылмақ. Жақын арада аталған ауылдар сапалы мобильді интернетпен қамтылатын болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Мотокөлік жүргізушілеріне арналған профилактикалық шара өтті

admin

Келестіктер «Ауыл аманаты»-ның шарапатын көруде

admin

Жалған құжат жасап колонияға кірмек болған азамат ұсталды

admin