Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген тұрғын алданып қалды

Handcuffs with dollar banknotes on a black glass

Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Polisia.kz мәліметінше, 11 тамызда Тараз қаласының полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арыз қалдырған.

Жәбірленушінің сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр, — делінген мәліметте.

Сәйкес жаңалықтар

Жоғалған қыз бір күннен кейін табылды

admin

Сарыағаш: аудан экономикасының күші — өнеркәсіп өнімінде

admin

ТОП-10: Қазақстандықтар ең жиі сатып алатын дәрі-дәрмек тізімі белгілі болды

admin