Улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді

Үстіміздегі жылдың 30 қараша күні құрамында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар мен №2 аудандық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мамандары,  аудандық Полиция бөлімінің инспекторлары және Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары бастаған топ өкілдері жылыту маусымы кезінде сақтық шаралары бойынша және улы газдан уланудан сақтану тақырыбында «Агробизнес және саяхат» колледжінің ұстаздар қауымы мен қызметкерлеріне үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізді.

Нақтырақ айтсақ, басқосу барысында жылыту маусымы алдында пештерде сұйық және қатты отынды пайдалану кезіндегі ережелер, тұрмыстағы электр құрылғыларын пайдалану нұсқаулықтары, газды  дұрыс пайдалану және улы газдан уланудың алдын алу ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар түсіндірілді. Жиынға қатысушыларға  ескертпе парақшалары таратылып, көкейлерінде жүрген сауалдарға мамандар тарапынан жауап берілді.

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ПІКІР ЖАЗУ