Ұлттық домбыра күні жас күйшілер сынға түсті

 Түркістан қаласында ұлттық домбыра күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында
«Нағыз қазақ домбыра» атты күйшілер сайысы өтті. Сайысқа қаламыздағы жоғары оқу орындарының студенттері мен саз мектебінен жас дарындар қатысты.
Күй-жарысқа түсушілер аталмыш байқауда өз өнерлерін көрсетуде аянып калмады. Күмбірлете күй төккен өнерпаздар халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптарының бірі – домбырада халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін көрсететін күйлерді орындап шықты.
«Өзіміздің ұлттық дәстүрімізді көрсету, дәріптеу, қадірлеу, жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулуға арналған іс-шара болып табылады. Домбыраның құдіретін, жас өрендердің күй тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында балаларымызды жинап отырмыз»-дейді саз өнер мектебінің ұстазы, оркестр жетекшісі Ерлан Асқарұлы.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ