Ұлттық банк доллар айырбастауға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

 Ұлттық банк 1996 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде шығарылған қолма-қол АҚШ долларын ЕДБ айырбастау пункттерінің және банктік емес айырбастау пункттерінің айырбастаудан бас тарту фактілері бойынша азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты ҚҰБ бұл банкноталардың заңды төлем құралы болып табылатынын және олардың түпнұсқалығы расталған және зақымдануы болмаған жағдайда Қазақстанның айырбастау пункттерінде комиссиясыз қабылданатынын еске салады, – делінген хабарламада. Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру тәртібі туралы.

Егер банкноталар бүлінбеген болса және айналыста жарамсыз деп танылмаған жағдайда ҚР заңнамасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау үшін комиссиялар көзделмеген. Айырбастау пункттері алынатын комиссияны айырбастауға қабылданатын банкноталар төлемге қабілетсіз немесе одан әрі айналысқа жарамсыз болған жағдайда ғана белгілеуі мүмкін екенін атап өтеміз.

Егер айырбастау пункті комиссия алса немесе шетел валютасын шыққан жылына қарай қабылдаса, валюта айырбастаудан негізсіз бас тартса, сол айырбастау пункті орналасқан жердегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалына шағымдану қажет. Шағыммен қатар барлық қажет ақпарат пен құжатты қоса көрсету керек, бұл заңға сәйкес шара қолдануға мүмкіндік береді. ҚҰБ аумақтық филиалдарының байланыс деректері жөніндегі ақпаратты ҚҰБ-тың ресми интернет-ресурсынан табуға болады. Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасымен кассалық операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес банк операцияларына депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын теңгемен және шетел валютасымен ашу және жүргізу жатады. Касса операциялары мен банкноталарды, монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау ережелеріне сәйкес, банк мынадай касса операцияларын жүзеге асырады: клиенттен қолма-қол ақша қабылдау және клиентке қолма-қол ақша беру. Бұл операциялар банк туралы заңның 30-бабында көрсетілген банк операцияларын және басқа да операцияларды орындау үшін жүргізіледі.

Осылайша, ЕДБ кассалық операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынатын комиссияларды өздерінің ішкі тарифтік саясатына сәйкес белгілеуге құқылы. Бұл ретте банктер туралы заңға сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақы мөлшерлемелері мен комиссияларды, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып өз бетінше белгілейді.

ПІКІР ЖАЗУ