Үлгілі полицейлердің ата-аналарына алғыс жарияланды

Түркістан облысы Полиция департаментінде  «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, жеке құрамның моралдық-психологиялық ахуалды көтеру мақсатында  жиын өтті. Жиынға Түркістан қаласы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев және Кентау қаласы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Бимахан Советұлы мен департамент басшылығы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.       

Шарада қызметтеріне адал, еңбекқор және қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету жолында жоғарғы нәтижеге қолжеткізген  жеке құрам қызметкерлерінің ата-аналары марапатталды. Ең алдымен қатысушыларға  Полиция департаментімен атқарылған іс-шаралар туралы бейнеролик ұсынылды.

“Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ. Тек өз Отанынды жеткілікті дәрежеде сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуің қажет” – деді жастарға арагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сансызбаев.

Өз кезегінде жеті полицейдің ата-анасына департамент басшысы Мұрат Қабденовтің атынан алғыс жарияланып, осындай батылда білімді тәртіп сақшыларын тәрбиеліп өсіргені үшін алғыс хат табысталды.