Украина, АҚШ және Ресей арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі ақпанның соңына дейін өтуі мүмкін

Украина, АҚШ және Ресей арасындағы үшжақты келіссөздердің тағы бір кезеңі жақын арада, ақпан айының соңына дейін өтуі мүмкін. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желілерде Швейцариядағы кездесулерден кейінгі украиналық келіссөздер тобының жұмысының нәтижелеріне түсініктеме бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз ақпан айында келіссөздердің тағы бір кезеңін ұйымдастыра аламыз және ол шынымен де өнімді болады деп үміттенеміз, – деп жазды ол.

Ол АҚШ өкілдері келіссөздердің сындарлы болуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын және Украина бұл тәсілді толық қолдайтынын мәлімдеді.

Келесі кездесу алдындағы ең қиын сұрақтарға украиндық жауаптар дайын. Біздің келіссөздер тобымыз үшжақты форматта және Америка Құрама Штаттарымен келесі кездесуге арналған басымдықтары анықталды. Біз әлі командалық деңгейде шешілмеген мәселелерді шешу үшін көшбасшылардың кездесуіне дайындық жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Көшбасшылардың кездесу форматы көп жағынан шешуші болуы мүмкін, ал Украина оған дайын, – деп тап өтті Зеленский.