Үкәш ата құдығы
Үкаш ата құдығы Үкаш ата мазарынан бір шақырымдай батыста, қатпарлы тасты жотада орналасқан. Оның тереңдігі жай құдықтардағыдай тік емес, тастарды бойлап, бұралаңдап кететін секілді əсер береді. Құдыққа 128 басқышпен көтеріледі. Құдықтың өз жұмбағы да жоқ емес. Ең басты құпиясы – құдықтағы суға шелек түсірген зияратшылардың бəріне бірдей су шыға бермейді. Зиярат етушілер арасында, су шығатын болса, «Ол адамның зияраты, тілегі қабыл болды» деген сенім қалыптасқан. Су құрамы Мекке суына сәйкес, шипалы қасиеті бар. Зиярат етіп келген көпшілігі су берген жағдайда қуанып, су бермеген жағдайда көңілдірі түсіп жатады. Су шықпаған жайғдайда оны көңілге жақын қабылдамауға Шырақшы кеңес береді. Үкаша ата кесенесіне зиярат жасаушылар маусым уақытында таңғы 5 тен бастап баруға тырысады, үйткені келушілер көп болғандықтан 2-3 сағаттап кезекте тұруға тура келеді. Укаша ата құдығының басында киіз үй тәріздес кішігірім құрылыс тұрғызылған, оның диаметрі 4,5 метр, биіктігі 3,5 метр. Ал құдықтың тереңдігі 22-25м құрайды. 2022 жылы 5 айда зиярат етіп келгендер саны 29 205 адамнан асады.