Үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат қолға түсті

БҚО полицейлері қарапайым ағаш шкафтан зертхана жасап, қарасора өсірген ауыл тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде жүріп жатқан “Қарасора” және “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Приурал полиция бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері Дариян ауылында қарасора өсіруге арналған фито зертхананы тапты. Мұндай іске  барған сол ауылдың тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Ол өзінің тұрғылықты жерінде екі бөлмелі пәтерде осы іспен айналысқан. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы өсірілген 3 түп қарасораны тәркіледі.

Лаборатория қарасора өсіруге арналған жарық және диод шамдарымен, термометрмен, желдеткіштермен және ылғалдылықты өлшеу құралымен жабдықталған. Сондай-ақ жоғарыда аталған үйдің ауласындағы гараждан полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат алынып, тәркіленді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жауап алу барысында ол өз үйінің жатын бөлмесінде қарапайым ағаш шкафтан фитолаборатория жасағанын айтты. Сонымен қатар полицейлер есірткіні заңсыз сақтаудың үш фактісін анықтады. Мәселен, Бәйтерек ауданы тұрғынының  пәтерінен ақ ұнтақ зат табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Теректі ауданында санкцияланған тінту жүргізу барысында екі тұрғынның мекен-жайынан ерекше иісі бар есірткі заты табылып, тәркіленді.  Мәселен, 55 жастағы аудан тұрғынының үйінің ауласынан арнайы иісі бар 3 газет орамасын тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 27,62 грамм кептірілген марихуанна екені белгілі болды. Тағы бір тұрғынның шаруашылыққа арналған құрылысынан жалпы салмағы 48,25 грамм  кептірілген марихуанна табылып, тәркіленді. Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында  “Орал-есірткісіз қала!” бағдарламасы аясында кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/ujinde-esirtki-zerthanasyn-ujymdastyrghan-batysqazaqstandyq-qolgha-tusti/

ПІКІР ЖАЗУ