Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтар

Тың терапия инфекцияның таралуын тоқтатты

 Шымкенттік дәрігерлер Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған арнайы терапия арқылы ВИЧ инфекциясының таралуына тосқауыл қоюда. Қаладағы ЖИТС орталығының мамандары тиімді профилактикалық шараларды жұқпалы инфекциясы бар жұптың серігіне және тағы да басқа қауіпті топтағы пациенттерге қолданады.

Осыған дейін арнайы терапия аясында вирусқа қарсы препараттарды қабылдаған 107 адамның бірде-бірінен жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.

Орталықта қауіпті топтағы азаматтарға жанасуға дейінгі профилактика тегін жасалады. Биыл орталық дәрігерлері 500-ден астам пациентке аталған терапияны жүргізуді жоспарлауда. Бұл тәжірибе қалада инфекцияның таралуын төмендетуге үлкен сеп болып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында арнайы іс-шара жүргізілді

admin

Желіні шулатқан медресе мемлекеттен қомақты қаржы алып отырған

admin

2026 жылы астық экспорттауға 30 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады

admin