Тылмен қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды
ҚР ІІМ Е.Саденовтың бұйрығымен полиция майоры Досжан Бекжанұлы Нұсқабеков Түркістан облысы Полиция департаменті Тылмен қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Меруерт Әбдіқадырқызы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Осы уақыт аралығында полиция майоры Досжан Нұсқабеков ішкі істер саласында түрлі лауазымдарда абыройлы қызмет еткен.
Бұған дейін Түркістан облысы Бәйдібек, Кентау, Сауран аудандарының полиция бөлімдерінде басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі