Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазіргі таңда электр скутер, мопед, мотоциклді пайдаланушылар саны күннен – күнге артып барады.

Өкінішке орай мото көліктер басқару кезіңде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдары электро скутер, мопед, мотоцикл тізгіндеушілердің өмірімен денсаулығына өте қауіпті болып тұр.

Осы мақсатта Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына кәмелет жасына толмаған балалар мен ата-аналарға скутер, электромобильдер, самокаттарды арнайы жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеуге болмайтындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қозғалтқыш көлеміне қарамастан мопедтердің барлығы көлік түріне жатқызылады. Оларды жүргізу үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу және 16 жастан асуы керек.

Құрметті аудан тұрғындары жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ЕСКЕРТЕМІЗ.

Жетісай АПБ.

ПІКІР ЖАЗУ