Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қаралды

Сайрам аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Алихан, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Отбасын қолдау орталығымен” бірге дөңгелек үстел өткізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдермен қабылдау жүргізді.

Шараның мақсаты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету болып табылады. Шарада бүгінгі таңда көптеп орын алып жатқан ерте жүктілік жайттары мен отбасындағы әлімжеттік қылмыстарының алдын алу мен күресу жолдары талқыланды.

Келген әрбір тұрғынға полицейлер құқықтық және психологиялық сауаттылықтарын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кұқық бұзушылық дерегі орын алған жағдайда полицияға дереу хабар беруді ескертті. Осылайша қабылдауға келген әйелдер іс-шара аясында, полицейлердің көмегіне жүгініп, көкейтесті сұрақтарына жауаптарын алды.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев коллектор құрылысының барысымен танысты

admin

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

admin

Шымкент: тұрғындардың мәселесі жан-жақты қарастырылды

admin