Түркістандық жүзуші Дарья Васильченко ашық суда 10 шақырым қашықтықта жеңіске жетті!

 Қонаев қаласында Қапшағай суқоймасында ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарысқа елміздің барлық аймақтарынан келген 100-ден аса спортшы қатысуда.2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінің шәкірті Дарья Васильченко екі медальға қол жеткізді. Ол олимпиадалық қашықтықта 10 шақырымды 2:21,03 нәтижесімен аяқтап, алтын медальдің иесі атанды. Ал, 5 шақырым қашықтықта екінші орынмен аяқтады.
Жарыс қорытындысында Дарья Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Александр Смолеевтің басшылығымен жаттығады.
Жарыс 2022 жылдың 10 шілдесіне дейін жалғасады.

 Дереккөз: Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

ПІКІР ЖАЗУ