Түркістандық журналистерге Ішкі істер министрі Е.Саденовтың мерекелік марапаты табысталды

Түркістандық журналистерге Ішкі істер министрі Е.Саденовтың мерекелік марапаты табысталды

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында тер төгіп жүрген тәртіп сақшыларының қызметіне қолдау білдіріп, алдын алу жұмыстарына және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ «БАҚ қызметкерлері» күніне байланысты оңтүстіктің үздік журналистері марапатталды.

Яғни, республикалық «Уақыт талабы» газетінің және «Ntime.kz» сайтының директор-бас редакторы Жібек Жайлыбаева, «24 kz» телеарнасының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Жандос Жұмабеков, осы телеарнаның телеоператоры Ерболат Әбішовке ҚР ІІМ-нің «Алғыс хаты» табысталды.

Өз кезегінде марапат иелері полицейлердің жұмысы өте ауыр, қиын әрі қауіпті екенін алға тартып, күні-түні дамылсыз атқаратын қызметтеріне сәттілік тіледі. Алдағы уақытта да елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін бірлесіп жұмыс жасап, жаңалықтардың жаршысы болатындықтарын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

ПІКІР ЖАЗУ