Түркістандық кәсіпкер «Жылдың ең үздік әлеуметтік жас кәсіпкері» атанды

Түркістандық кәсіпкер Нұрсұлтан Жүсіпбаев Татарстан астанасы Қазан қаласында өтіп жатқан халықаралық жас көсбасшылар премиясында «Жылдың ең үздік әлеуметтік жас кәсіпкері» атағын жеңіп алды. Нұрсұлтан Үмбетұлы ҚР Министрлігінің атынан халықаралық Брикс және Шанхай ынтымақтастық ұйымына ұсынылған жылдың ең үздік жас көшбасшысы.

Аталған премияға Брикс және Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелері, яғни Қазақстан, Бразилия, Индия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Оңтүстік Африка және Ресейден өкілдер келіп қатысқан. Жас көшбасшылар бес номинация бойынша сайысқа түскен. Олар: «Жылдың медиа-инфлюенсері», «Жылдың әлеуметтік кәсіпкері», «Жылдың қоғамдық дипломатия жобасы», «Жыл зерттеушісі», «Елдің экологиялық бастамашысы». Нәтижесінде «Жылдың әлеуметтік кәсіпкері» номинациясында қазақстандық Нұрсұлтан Жүсіпбаев пен пәкістандық Мухаммад Талал Эжаз жеңімпаз атанған.

Айта кетсек, Нұрсұлтан – аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балалар үшін бірнеше әлеуметтік бағыттағы жобалар ұйымдастырған. Оның ішінде үстел теннисінен жыл сайынғы турнир, «Коворкинг» жастар орталығын, “AQYLMAN” жыл сайынғы интеллектуалды ойындарын іске асырған.

ПІКІР ЖАЗУ