Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасы

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 220 мыңнан асты. Қаладағы кешенді жоспарлар Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі «Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» № 762 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Ашық әкімдік жобасы бойынша:

Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.

Түркістан қаласында Халықтық кеңсе 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жұмыс істеуде. 2023 жылдың 9 айында жалпы қызмет алған адамдар саны – 52 163 (Оның ішінде 6 200 азаматқа мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер берілген. 38 994 азамат «өзіне өзі қызмет алу бұрышына» келушілер.

Бұған қоса қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды. 9 айдың қорытындысымен Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 3 566 өтініш қабылданған. ИИС ЦОН арқылы – 3 403 қызмет көрсетілген.).

«1310» Бірыңғай байланыс орталығы шұғыл әрекет ету мақсатында шілде айынан бері тұрғындардан қоңырау қабылдауды бастады. Бүгінге дейін 4 251 қоңырау түсіп, мәселелердің 98,4 пайызы дер кезінде шешімін тапты.

Тұрғындармен кездесу:

Жыл басынан бері қала әкімі 6 секторда тұрғындармен 96 рет кездесіп, өтініштерін тыңдады. Алғашқы басқосулар ауа райына байланысты жабық мекемелерде өткенімен, кейінгі кездесулер өзекті мәселелер бойынша ашық алаңда көше тұрғындарымен ұйымдастырылды.

Нәтижесінде 9 айда 925 мәселе көтеріліп, оның 873-і орындалды. Өзге мәселелер қаржы талап етуіне байланысты, қаланың даму жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды.

Қала басшысы қаңтар-қыркүйек айларында 158 азаматты жеке мәселелерімен қабылдады, қабылдау қорытындысымен 196 тапсырма беріліп, орындалды.

ПІКІР ЖАЗУ