Түркістанда «ZHETYSU ROAD SHOW» іс-шарасы өтті

Түркістан қаласында «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның аймақтарында «Zhetysu road show» іс-шарасы өтті. Жетісу өңірінің туристік әлеуетімен таныстыру, сондай-ақ алдағы уақытта бірлескен жобалар мен ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы жиынның өтуіне «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ықпал етті.

Түркістан қаласындағы туризм саласының өкілдеріне Жетісу облысында орналасқан ерекше туристік бағыттар жайлы ақпараттар ұсынылды. Әріптестік байланыс орнату мақсатында екі аймақтың туристік операторлары B2B кездесуде саланы дамыту жайын талқылады. Сондай-ақ белсенді қатысушыларға Жетісу өңіріндегі демалыс орындары мен ерекше орындарға экскурсия жасау үшін сертификаттар табысталды. 

Жалпы Жетісу өңірінде туризмнің барлық бағыты қамтылған. Емдік-сауықтыру, экологиялық, тарихи-мәдени, экстремалды, жағажай, спорттық, балалар туризмі жыл сайын ілгерілеуде. Атап айтқанда, Алтын-Емел, Жасыл көл, Алакөл, Балқаш, Жоңғар Алатауы, Қаратал сынды танымал туристік орындарға келушілер қатары артып жатыр.

ПІКІР ЖАЗУ