Түркістанда “Яссы” футбол командасы Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында

 Түркістандық «Яссы» футбол командасы Қазақстан чемпионатының І-лигасында өнер көрсетуде. Қазіргі таңда команда XI-ші тур қорытындысы бойынша 18 ұпаймен 5-орынға тұрақтады.
Бас бапкері – Ерлан Шойтымов.
Команданың басым көпшілігі жергілікті футболшылардан құралған. Сонымен қатар, камерундық, қырғызстандық,өзбекстандық легионерлер де командаға мүше.
Одан бөлек, жақында Яссы құрамы тағы төрт футболшымен толықты.
Олар: Платон Шост, Валерий Казначеев, Алишер Усубалиев, Айбол Жахаев.
Биыл команда Көкшетаулық “Оқжетпес” пен Талдықорғандық “Жетісумен” ойнап, жеңіске жетті.

 Дереккөз: Түркістан қаласының баспасөз әкімдігі

ПІКІР ЖАЗУ