Түркістанда үшем дүниеге келді

Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 22 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын.
Жас ана №2 облыстық перинаталдық орталығында үш қызды босанды. Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1910 гр, 1950 гр және 2120 гр болды.
Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы бүгінгі күнге қанағаттанарлық, үшемдер перзентханадан шығуға дайын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__

В перинатальном центре №2 Туркестанской области 22-летняя женщина родила тройню. Когда начались схватки, роженице была успешно проведена срочная операция с участием квалифицированных врачей.

Молодая женщина родила трех девочек. Новорожденным дали имена Райана, Разия и Райхана. Младенцы весили 1910, 1950 и 2120 грамм.

Тегтернәресте

ПІКІР ЖАЗУ