Түркістанда ұлттық құндылықтарды насихаттайтын байқау өтті

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті.

Шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтарал, Жетісай, Келес, Созақ, Сарыағаш, Кентаулық қарттар қатысты.

Байқауда қалалық «Әжелер алқасының» төрайымы Айғаным Серім, қалалық «Аналар алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ардагерлер мен мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жүргізу» бөлімінің маманы Шолпан Абилдаева және

қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» бөлім басшысы Дана Джитбаева қазылық етті.

Шараның мақсаты- тұрғындар арасында ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттау.

Шарада қатысушылар баланы бесікке салу салтын орындаудан және ұлттық аспаптарда ойнап, ұлттық киім үлгілерін дайындау бойынша жарысты.

Байқау нәтижесі бойынша,

1- ші орынды түркістандық Күлгін Айымбетова еншілесе, 2-ші орынға Шардара ауданының қатысушысы жайғасты. Ал, 3-ші орынды келестік әжелер тобы иеленді.

ПІКІР ЖАЗУ