Түркістанда үй жануарларын чиптеу басталды

ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 21-бабы 2 тармағына сәйкес үй жануарларының иелеріне 2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын есепке қоюға(тіркеуге) міндеттеледі.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес аталған қызметті жергілікті ветеринар мамандары тарапынан ақылы негізде жүргізілетін болады.

Үй жануарларын тіркеуге арнайы «Таңба» дерекқор базасы жұмыс жасайды.

Чип салу – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі. Чипті жануарға енгізу ауыртпай жасалатын процедура.

Бірдейлендірудің заманауи әдістері мыналарды қамтамасыз етеді:

  1. Жануарларды ауыстырып алу мүмкін емес.
  2. Құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілмеген жануарларды тасымалдау мүмкін емес.
  3. Чип салу – жануарды иеленуге қатысты дау туындаған кезде маңызды дәлел бола алады.

Чип жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде сәйкестендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Бүгінгі күні жануарларға чип салумен аудан, қалалардағы ветеринариялық малдәрігерлер айналысады.

Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, үй жануарларыңызға қамқорлық жасауды сұраймыз.

ПІКІР ЖАЗУ