Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда саяси партиялар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды

Ұлттың ұлы мерекесі – Республика күні қарсаңында Түркістанда шағын футболдан «MASLIHAT CUP» партиялар арасындағы жолдастық кездесудің ашылу рәсімі өтті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты бастамашы болған турнир жергілікті қоғамдық-саяси ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруды, оларды мемлекеттік мүдде тұрғысындағы құндылықтарды іске асыруға жұмылдыруды, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстану аясына біріктіруді және жастарды ортақ елдік ұстаным шеңберіндегі міндеттерге топтастыруды мақсат тұтады.

Жолдастық ту астында өтіп жатқан жарысқа «AMANAT» партиясы, «Respublica» партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Aq Jol» Қазақстан демократиялық партиясы және БАҚ өкілдерінен құралған командалар қатысуда. Спорттық кездесудің ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қатысып, жарыс жолына түскен командаларға жеңіс тіледі.

”AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өңірдегі саяси партиялар өкілдерін спорт туы астына біріктіре отырып, ортақ мемлекеттік мүдде аясында Республикамыздың гүлденуіне бірлесе үлес қосуға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Шардара ауданында жастарға арналған құқықтық сана мен мәдениет тақырыбында сынып сағаты өтті

admin

Министр: Балалардың әл-ауқатын қорғау – мемлекеттік саясатының басым бағыты

admin

Төлебиде оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

admin