Түркістанда мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Түркістан қаласында халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңына ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған шара ұйымдастырылды.

Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен өткен шарада мерекелік дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Қала әкімі бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде,
“Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
Жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, ең мейірімді мейрам – балаларды қорғау күнінде ғана емес, әр күні балаға тағылымды тәрбие беріп, болашағына бағдар беру, қуанышымен бөлісіп, мұңайғанында жанында болу әр ересекке парыз деп ойлаймын. Бала өйткені біздің – айнамыз, біздің ертеңіміз. Өз кезегінде, елдің ертеңі болар бүгінгі өрендерге жан-жақты тәрбие беріп, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау бізге жүктелген міндет. Біз әр бала үшін тиімді мүмкіндіктерді жасаймыз. Және осы жолда балалардың да үмітті ақтар, білімді де парасаты биік азамат пен азаматша болып өсеріне сенім білдіреміз” деді.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен Түркістан қалалық аналар алқасы төрайымы Ұлжан Әбенқызы бүлдіршіндердің
балаларды мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Бүгінгі таңда, шаһарда ерекше қажеттілігі бар – 1300 бала бар.

Әр бала диагнозына байланысты  жеке бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.

Қазірде, 100 бала – үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерімен қамтылған, 300 ерекше қажеттілігі бар бала үйде білім алады.

ПІКІР ЖАЗУ