Түркістанда «Құқықтық тәртіп» шарасы жүргізілді

Түркістан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шараның мақсаты – жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, салынған айыппұлдарды өндіру болып табылады. Шара барысында бір ғана Төлеби ауданынан – 191 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 44 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар шарада тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, тұрғындар көп шоғырланатын орындарға, сонымен қатар, көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы тәртіпті және профилактиканы күшейту керектігін айтты.

Өз кезегінде қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған зорлық-зомбылықтың алдын алу, соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын профилактикалау жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы басталды.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды. Жекелеген қылмыстардың алдын-алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.

«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы  аясында Республика  аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып құқықбұзушылықтың нәтижелерін  көрсетіп жатыр.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі