Түркістанда ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің саябағы ашылды

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен, жергілікті атқарушы органның қолдауымен «ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің» саябағы ашылды.

Жаңа саябақты ашудағы басты мақсат -жастар арасындағы экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, лудоманияға қарсы күрес және қасиетті қаланың көркеюіне үлес қосу.

Жиынды Департамент басшысы Ерболат Темірболатұлы ашып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы ерікті жастарға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, департамент басшысы «Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтерлік қозғалысының» жетекшісі

Ескулов Пердебекке салтанатты түрде қозғалыстың туын табыстады.

Саябаққа ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің және еліміздің 20 өңірінің Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінен тарту еткен ағаш көшеттері отырғызылды.

Саябақтың бір ерекшелігі – мұнда республика аумағындағы қаржылық пирамидаларының тізімі жазылған QR-тақтайшалары орнатылған.

Шараға Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, облыс аумағындағы құқық-қорғау органдарының басшылары, Қызылорда облысы және Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің басшылары қонаққа келіп, естелікке ағаш көшеттерін отырғызды.

Шара соңында Түркістан қаласының «Jana Lep»  тобы өз өнерлерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ПІКІР ЖАЗУ