Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Түркістанда кезекті чемпионат өтуде

Түркістанда волейболдан 15- 16 жас аралығындағы қыздар арасындағы облыс чемпионаты басталды.

Бұрымдылар арасындағы волейбол бәсекесіне әр өңірдің мықты деп іріктелген волейбол шеберлері келіп, өзара жеңімпазды анықтайтын болады.

Сайысқа аудан, қаладан 11 команда, 132 спортшы қатысып, бар өнерлерін ортаға салуда.

Волейболдан жасөспірім қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Құрбанбай Оспанов сайысқа Түркістан, Мақтаарал, Сарыағаш, Түлкібас аудандарының бұрымдылары жоғары дайындықпен келгенін жеткізді.

Айта кетейік, аталған бәйгеден үздік облыстың құрамасы іріктеліп, республика чемпионатында Түркістан атынан шықпақ.

Ел чемпионаты қараша айының басында Петропавл қаласында өтеді деп күтілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандағы икемді жұмыспен қамту шарттары заңнамалық түрде бекітілетін болады

admin

Шымкенттегі мектептерде толығымен адамның түр-тұлғасын анықтайтын жүйе орнатылуда

admin

ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды

admin