Түркістанда екі қабатты дәмхана отқа оранды

  Түркістан қаласында “Жеті Таңдыр” дәмханасының екінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 11:48-де Түркістан қаласындағы “Әзірет-Сұлтан” қорық-музейінің қорғау аймағының сыртындағы екіқабатты “Жеті Таңдыр” дәмханасының 2-қабатында өрт шықты.
“Өрт басталғаннан кейін алты минуттың ішінде ТЖД-ның алғашқы көмегі келді. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, дәмхананың “Керуен сарай” ойын-сауық кешеніне еш қатысы жоқ”,- дейді департамент мамандары.
Құтқарушылар келгенше дәмханада отырған барлық адам сыртқа шығып үлгерген.
Тегтерөрт

ПІКІР ЖАЗУ