Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: жыл басынан бері шаһарда 6109 жаңа жұмыс орны ашылды

Облыс орталығында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың түрлі жобалары жүзеге асып келеді.

Биылғы жылғы жоспарда шаһарда 6899 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.

Жоспар жүзеге асырылғалы орталықта 6109 жаңа жұмыс орны ашылып үлгерген.

Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, шаһардағы әлеуметтік белсенді тұрғындар саны — 78 171 жетсе, ал жұмыссыз тұрғындар саны – 3800 құраған.

Сондай-ақ, мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында жүйелі жоспарлар түзіліп, межелер қойылды.

Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында жастар практикасымен 490 азамат жұмысқа жолданса, әлеуметтік жұмыс орындарына – 173 тұрғын, тұрақты жұмыс орындарына – 3551 адам орналасты.

Ал, жыл басында қойылған межелердің бірқатары артығымен жүзеге асты.

Атап айтқанда, 1231 азамат қоғамдық жұмыс орындарына (жоспар 1000), 102 адам алғашқы жұмыс орындарына ( жоспар-90), 175 тұрғын күміс жас жобасымен (жоспар-90) жұмысқа орналасты.

Сәйкес жаңалықтар

Президент: «Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек»

admin

Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды

admin

Түркістан облысында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылық деректері төмендеген

admin