Түркістан: жыл басынан бері халықтық кеңсе қызметіне 61138 азамат жүгінген

Түркістан қалалық Халықтық кеңсе қызметі жүйелі жұмыс жасауда. Жыл басынан бері мекемеде 3907 өтініш  тіркелген.

Оның 3421-ы жеке тұлғадан, 486-ы өтініш заңды тұлғадан түскен.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1716 (2022 жыл 10 ай көрсеткіші –5623 өтініш) өтінішке азайған.

Көрсеткіштерге сәйкес, өтініштердің  3723-і орындалып, 184 өтініш қатыстылығына қарай тиісті органдарға  жолданды, 120 өтініш бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Өтініштердің 924-і тұрғын үй саласы, 846-ы жер қатынастары саласы бойынша болса, инфрақұрылым саласы бойынша -605, құрылыс-406, әлеуметтік сала-301, кәсіпкерлік туризм саласы-88, өзге мәселелер-459, мәдениет, спорт-156, -, ішкі саясат-73, цифрландыру-49 өтініш қаралған.

Аталған мекемеге қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін-210 өтініш тасталған.

Шаһар басшысы 190 тұрғынды жеке мәселесімен қабылдап, тиісті бөлімдерге 245 тапсырма жүктеген.

Оның бүгінде 240-і орындалып, 5 тапсырма аясында жұмыстар жүргізілуде.

ПІКІР ЖАЗУ