Түркістан: Жетісайда 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға бірілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгідегі №7 «Тұран» мектеп-гимназиясы 1 200 орынға шақталған. Білім ұясының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Кадырбек ұстаздар мен оқушыларды қуаныштарымен құттықтады. 

     Арнайы рәсімнен кейін қонақтар сынып бөлмелерін аралап, ондағы оқу құралдарын көрді. Құрылысы 2019 жылы басталған білім ошағы қысқы демалыстан соң үшінші тоқсанда оқушыларды білім нәрімен сусындатуға толықтай дайын. 
   
 Мектептегі физика, химия, информатика және мультимедиялық, лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы да бар. Жалпы оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған.

ПІКІР ЖАЗУ