Түркістан: жас сақшылар танымал спорт саңлақтарымен кездесті

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында елімізге танымал спортшылармен кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен олимпиада ойындарының жеңімпазы Біржан Жақыпов арнайы келді.

Кездесуде полицейлер мен ауданның жас сақшылары спорт саласы бойынша қызықты ақпарат ала білді. Әсерлі кездесу барысында спортшылар жастарға өздерінің жетістікке жету жолдары, спорттың маңызы, арман-мақсаттары туралы айтып берді.

Ел тыныштығын күзетумен қатар, оның спорттық намысын да биіктетіп жүрген ағаларын  оқушылар ерекше ықыласпен тыңдап, өздерінің көкейкесті сұрақтарын аса қызығушылықпен қойды

Жастардың білімді болғанымен қатар білекті, шымыр болғаны маңызды. Себебі көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін асқақтататын жалынды азаматтардан ел көп үміт күтеді дейді ұйымдастырушы полицейлер.