Түркістан: вандализм – кез келген материалдық құндылықтарды, соның ішінде ақпаратты қасақана жою
Тарихи ескерткіштер – бұл маңызды мәдени, тарихи және сәулеттік құндылығы бар нысандар.
Ескерткіштер ұлттың мұрасын білдіреді және оларды сақтау мәдени әртүрлілікті сақтау және дамыту үшін өте маңызды.
Тарихи ескерткіштер сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін білім беру және шабыт құралы ретінде қызмет етеді, оларға өткенге көз жүгіртуге және олардың қазіргі және болашақ туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осындай маңызды нысандар облысымыздағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында да кездеседі.
Дегенімен, Қазақстандағы вандализм мәселесі өте кең ауқымға ие болуда.
Вандализм – кез келген материалдық құндылықтарды, соның ішінде ақпаратты қасақана жою.
Өткен жылдың өзінде елімізде тарихи-мәдени мұра нысандарына ұятсыз суреттер мен жазулар салу, плакаттар, азғындық мазмұнының фотосуреттерін ілу, бояулармен, кірлермен ластау т.с. сияқты мыңнан астам факт тіркелген.
Өз кезегінде, мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра обьектілерін, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 294-бабына сай қылмыстық жаза қарастырылған.
Сондықтан, қоғамның бірегей ерекшелігін сақтауға ықпал ететін тарихи-мәдени объектілерге қиянат жасалмауы тиіс.
Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы