Түркістан: үлкен теннистен қала әкімінің жүлдесі ойнатылуда
Бүгін Түркістанда кезекті республикалық бәйге басталды.Үлкен теннистен ұйымдастырылған жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 70-ке жуық жасөспірім спортшылар қатысуда.
Бәсекеде Шымкент, Астана, Түркістан қалалары мен Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарынан жиналған саңлақтар бақ сынауда.
Теннис кортында өткен жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты.
Республикалық доданың ашылуына қатысқан Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев сөз алып, облыс орталығындағы спорт саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.
– Спорт ең алдымен мінез қалыптастырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің рухты жастарын тәрбиелеу біздің басты міндеттеріміздің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қаламызда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Спорттық алаңшалар мен нысандар қатары артты. Тұрғындар арасында тұрақты жарыстар ұйымдастырылып келеді. Барлық чемпионның жолы осындай жарыстардан бастау алғын. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді Мекенхан Қозыханұлы өз сөзінде.
Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы спортшыларға ізгі ниетін жеткізді.
Байрақты бәсеке 26-қарашаға дейін жалғасады.