Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста заманауи балалар ойын алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында балаларға арналған жаңа заманауи ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл игілікті іс – өскелең ұрпақтың дені сау, белсенді әрі бақытты болып өсуіне жасалған нақты қадам.

Түлкібас кентінде бой көтерген нысанда талапқа сай кіші футбол алаңшасы, қауіпсіз жабын төселген аумақта соңғы үлгідегі сырғанақтар мен әткеншектер, жаттығу құралдары қарастырылған.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, кент тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Жалпы бүгінгі таңда аудандағы 59 елді мекенде мектеп маңы мен округ орталықтарында 63 шағын футбол және ойын алаңшалары, 2 стадион және 3 жекеменшік жабық футбол манежі бар.

Айта кетерлік, биыл аудан орталығындағы халқы көп шоғырланған «Көкжайлау» ықшам ауданы мен Сейдалиев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің алдына балалар ойын алаңшасын соғу жоспарлануда.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда күндіз неге шам жанып тұратынын «Алматы Қала Жарық» түсіндірді

admin

Тарақан қаптап кетті: Павлодарда салақ тұрғынды полиция тәртіпке салды

admin

Ерболат Досаев Президент әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды

admin