Түркістан: “TEN QOGAM” – әлеуметтік қызметтің жаңа үлгісі

Түркістан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында біршама шаралар ұйымдастырылуда.

Соның бірі – “Ten Qogam” бөлімшесінде әлеуметтік әлсіз топтағы жандарға арналған әлеуметтік қызметтің 1 терезе қағидасы арқылы жүзеге асуы.

«Ten qogam» бөлімінің міндеттеріне әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек беру, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, жекелей сүйемелдеу және өзге ерекшеліктеріне қарамастан өз кәсібін ашудағы кедергілерді жою, әлеуметтік ортаға бейімделуін және ықпалдасуын қамтамасыз ету кіреді.

Жүйелі жұмыстар арқылы бөлімше арқылы мүгедектігі бар 4 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашты. Одан бөлек, мүгедектігі бар 22 адам қоғамдық жұмысқа қабылданды.

Айта кетейік, орталық қызметі ақысыз көрсетіледі. Мекемеден қызмет алу үшін +7 777 605 6718 (Еркін) нөміріне хабарласа аласыз. Немесе О.Мұсабекова көшесі, № 2А үйде орналасқан ғимаратта арнайы мамандармен байланыса аласыз.

ПІКІР ЖАЗУ