Түркістан Темір жол вокзалы
Орынбор-Ташкент темір жолы салынғалы, Түркістан Темір жол вокзалы станция құрылыстары кешеніне кіреді. 3 залы бар: вестибюль, 1 және 2 класс жолаушыларға арналған күту залдары. Сәулетші вокзал ішін колонналармен сәндеп, салтанатты әрі көркем көрініс жасады. 1903 ж салынған ғимарат, 1950 жылдары іші жаңартылғанына қарамастан, өз ерекшелігін сақтап қалды. Түркістан Темір жол вокзалы ҚР-ның сәулет ескерткіші болып саналады, тек өзіне тән ерекшеліктері бар: жануар бастары сияқты жасалған есік тұтқалары, қабырғадағы оюлар, қоладан жасалған аспашам, 1903 ж өзгермей келе жатқан дәмхана. Бұл ғимарат бір Еуропа қаласынан алынып, Оңтүстік Қазақстанға көшірілген сияқты. Өзгелігі ерекше болса да, бұл жерде бөтен болып көрінбейді. Осы ғимараттың сыңарындай Арыс қаласындағы Темір жол вогзалын көруге болады. Бір уақытта сақталған темір жол вогзалдары әлі де өз қалыптарында сақтаулы.