Түркістан: су ресурстары және ирригация министрі «ТҰРАН СУ» мекемесінің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бастаған су саласына жауапты басщылар Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Топ құрамында ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің кеңесшісі Дәулет Әбілқайыров, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Гульмира Имашева, «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Ербол Салықбай және «Нұра топтық су құбыры» РМК басшысының міндетін атқарушы Ерболат Беркінбаев та бар.

Сапар аясында министрлік өкілдеріне облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аймақта ағын су мәселесін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты баяндады. Ал өз кезегінде су ресурстары және ирригация министрі «Тұран су» мекемесі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, кәсіпорынның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұл бағытта министр шаруаларды ағын сумен қамту бағытында әлі де атқарылар істердің ауқымдылығын айта келе, су үнемдеу шараларын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Осы бағытта жұмыла жұмыс істеп, суды тиімді жеткізе білуде мекемеге артылатын сенім мол.

Маңызды мәселелер айтылған кездесу соңында Нұржан Нұржігітов «Тұран су» мекемесінің жаңа ғимараты ауласына сәндік ағаш көшетін екті.

ПІКІР ЖАЗУ